Қостанайда дәмхана өртеніп кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласындағы "Волна" дәмханасы жанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше оқиға бүгін Қайырбеков көшесінде болған.

"Сағат 10:00 шамасында Қостанай қаласындағы «Волна» дәмханасының өртенгені туралы хабар түсті. Өрт дәмхана асханасынан басталған. Төбе жабындысы мен жиһаздар жанып кетті. Өрт сөндірушілер ғимарат ішінен 4 көмірқышқылды баллонды, 50 келі сыра кегасы мен басқа да тауарларды оқшау жерге көшірді",- деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт Балғина.

Жалын 210 шаршы метр аумақты шарпыды. Ол сағат 12:08-де толықтай сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар