Қостанайда дала өрті өршіп тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы үш-төрт күнде Қостанай облысының бірқатар ауданында құрғақ шөптің өртенуіне қатысты бірнеше факті тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өткен жексенбі күні Мендіқара ауданында 32 га аумақта қамыс өртенді. Дәл осы күні кешке Денисов ауданының Покров ауылдық округінде 0,5 га құрғақ шөп жанды.

Қамысты ауданына қарасты Ливанов ауылында да 35 га аумақтағы шөпті өрт шарпыды.

Ал кеше кешке Амангелді ауданына қарасты Үрпек ауылы маңында құрғақ шөп жалындады. Ауыл тұрғыны Есімбек Жантөренің айтуынша, тілсіз жау далада жатқан трактор тіркемесі доңғалақтарының тұтануынан болған. 

Дала өрттерін сөндіруге Қостанай облыстық ТЖД аудандық бөлімдерінің күштері мен құралдары тартылды, сондай-ақ ауылдық жерлердегі ерікті өрт сөндіру құрылымдары жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар