Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 330.29
EUR 387.27
RUB 5.56
CNY 49.80

Қостанайда әскери қызметкер клиникалық өлімнен аман қалды

Қостанайда әскери қызметкер клиникалық өлімнен аман қалды
2017 жылғы 15 қараша 18:52 368

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда командир орынбасарының бұйрығын орындаған әскери бөлімше қызметкері клиникалық өлімнен аман қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


Қостанайда әскери қызметкер клиникалық өлімнен аман қалды

Бүгін Қостанай гарнизонының әскери соты ҚР Ұлттық гвардиясының 6697 әскери бөлімшесі командирінің орынбасары, майор Есболат Төлегеновке қатысты «Ауыр салдарларға әкелетін басшы немесе жауапты тұлғаның қызметіне салғырт қарауы» бабы бойынша сот үкімін шығарды.

Анықталғандай, оқиға 2017 жылдың тамыз айында болған. Майор Төлегенов автомобиль взводының жүргізушісі, сержант Николай Карпенкоға сымы оқшауланбаған әуе электр желісінің астындағы шатырға жөндеу жұмыстарын жүргізуге бұйрық берген.


Қостанайда әскери қызметкер клиникалық өлімнен аман қалды

Сержант Карпенко берілген бұйрықты орындаған, алайда, тоқ соғып ес- түсінен айрылған ол дене жарақаттарын алған. Зардап шегуші қалалық ауруханаға жеткізіліп, «Электр жарақаты. Клиникалық өлімнен кейінгі күйде (кома), беттерін, сол жақ білегін, арқасы мен табан буындарын электр күйігі шалған» деген диагноз қойылды.

Осылайша, сержанттың денсаулығына ауыр зиян келтірілді, қазіргі уақытта Карпенко косметикалық емдеу шараларын қажет етеді.


Қостанайда әскери қызметкер клиникалық өлімнен аман қалды

Айта кету керек, сотталушы майор Төлегенов өз кінәсін мойындамай, сержантқа мұндай бұйрық бергенін жоққа шығарды.

Есболат Төлегенов кәмелеттік жасқа толмаған екі бала тәрбиелеп отырғанына байланысты екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

 

 

 

Басты сөздер: Қостанай облысы, Сот,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер