Қостанайда биыл 107 адам полиция қызметіне алынады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгінде Қостанайдағы тәртіп сақшыларының қатарына алыну үшін 107 үміткер тәжірибеден өтіп жатыр. Олар жақын арада ант қабылдау рәсімін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған қоса, биыл Қостанай, Алматы қалаларындағы ҚР ІІМ академиялары мен Ақтөбедегі заң институтын тәмамдаған 53 курсант Қостанайдағы полиция қызметіне алынады.

«Осы жылы Қостанай облысы ІІД құрамына 70 сержант қабылданады. Олардың көбі жол-бақылау полициясы мен көші-қон қызметіне жұмылдырылмақ. Жас мамандар ҚР ІІМ Қостанайдағы оқу орталығында 3 айлық курстан өтіп жатыр. Болашақ оперативтік қызметкерлер, тергеушілер, криминалистер, учаскелік инспекторлар сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін  полиция лейтенанты атағын алады. Жалпы, биыл Қостанайдағы тәртіп сақшыларының қатарына алыну үшін 107 үміткер тәжірибеден өтіп жатыр», - делінген ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствода мәлім етілгендей, кадрларды іріктеу кезінде олардың білімі мен денсаулығы ғана емес, іскерлік және моральдық қасиеттері де ескеріледі. Сондай-ақ,  ҚР ІІМ қызметіне оқуға түскісі келетін мектеп түлектері 2018 жылғы 1 мамырдан бастап құжаттарын тапсыра алады.

Соңғы жаңалықтар