Қостанайда бірнеше жыл қашып жүрген әккі қылмыскерлер ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда түрлі қылмыс жасап, бой тасалап жүрген 9 қылмыскер қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы аптада өткен «Құқықтық тәртіп» шарасына жүздеген полицей мен Ұлттық ұланның әскерилері жұмылдырылды. Апта басынан бері 16 қылмыстық іс ашылған.

«Тәртіп сақшылары терең профилактикалық жұмыстарды жүргізу барысында бірнеше жыл бойы іздеуде жүрген 9 қылмыскерді ұстады. Сондай-ақ, 10 адамның заңсыз қару сақтап, пайдаланғаны анықталды. Олардан шағын калибрлі винтовка, 50 оқ-дәрі, 4 тапанша, 2 пышақ табылды. Заңсыз айналымда жүрген 0,21 грамм героин мен 20,46 грамм марихуана тәркіленді. Барлығы 1951 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді», - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған ведомство мәлімдегендей, жақында Қостанайдағы қоныс колониясынан қашып кеткен 30 жастағы Руслан Юсубов қамауға алынды. Енді ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар