Қостанайда бірнеше үйді су басып қалуы мүмкін

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы «Жұп доңғалақ» деп аталатын шағынаудандағы кей үйлерді қар суы шайып кетуі мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өңірлік төтенше жағдайлар басқармасының инженер маманы Гүлнар Жолбарысованың сөзінше, тұрғындар қар суының қаупін айтып, 5-6 күннен бері дабыл қағуда.

«3 ақпан күні құтқарушылар аталған аймақтағы қардың көлемін анықтап, еріген суды Тобыл өзеніне қарай ағызып жіберді. Бұл ретте оларға «Қостанай-Су» мекемесінің мамандары көмектесті. Ақпан айының басында шағынаудан төңірегінің суға толуы біз үшін де күтпеген жағдай болды. Кейін анықталғандай, бұл аумақтағы жер астынан бұлақ ағады. Қатты аяз салдарынан бұлақ көзі қатып қалған. Сол себепті бұлақ суы жердің бетіне өздігінен шоғырлана шығып, жайылып кеткен», - деп түсіндірді Г.Жолбарысова.

Айта кетейік,  «Жұп доңғалақ» шағынауданы Қостанайдағы су басу қаупі бар аймақтардың қатарына енді. Қазір құтқарушылар қалалық әкімдіктің қызметкерлерімен бірлесе отырып, үйлерді жағалап, жағдайды бақылауда ұстап отыр. Бұған қоса төтенше оқиғалардың алдын алу шаралары пысықталып жатыр.
null null 

Соңғы жаңалықтар