Қостанайда бірнеше бағыттағы жолдар жабылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Аязға байланысты Қостанай облысында бірнеше жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің таратқан хабарламасына сәйкес,  бүгін бірнеше тас жол жабылды. Атап айтқанда, «Қарабұтақ-Комсомол-Денисов-Рудный» (231503 шақырым), «Рудный-Денисов» (Ақмола облысы шекарасына дейін), «Денисов - Жітіқара - Мықтыкөл» ( Ресей Федерациясының шекарасына дейін) бағыттарына шығуға әзірге рұқсат жоқ.

Сондай-ақ, өңірдегі жолдардың біразы дизельді отынмен жүретін көліктер үшін жабық.

«21 қаңтардан бастап дизельді отынмен жүретін көліктер үшін «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (3 242 шақырым) және «Қостанай-Әулиекөл-Шолақашы» (Ақмола облысы шекарасына дейін), «Екатеринбург-Алматы» (555-729 шақырым) бағытында жүретін көліктерге жол жабық», - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі. 

Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілеріне алыс сапарларға шығудан бас тартуды ескертеді. Ал жергілікті полиция қызметі құтқарушылармен бірге қазірдің өзінде ондаған көліктерге көмек көрсетті. ТЖД қызметкерлері қала сыртындағы жолдардағы кезекшілікті жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар