Қостанайда барлық бағыттағы жолдар ашылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы республикалық және облыстық маңызға ие барлық жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Еске салсақ, аязға байланысты бірнеше тас жол жабылған болатын.

«Қазір барлық бағыттағы тас жолдар ашылды. Ал Арқалық-Амантоғай аралығында тұрып қалған көліктер жанар-жағармаймен қамтамасыз етілді.  Бұдан бөлек жергілікті атқарушы органдар құтқарушылармен бірге басқа бағыттардағы ондаған көліктерге көмек көрсетті», - деді ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов агенттік тілшісіне.

Оның сөзінше, жолда тұрып қалған көлік жүргізушілердің барлығы алдын ала ескерту хабарландыруларын алған.

«Көлік жүргізушілеріне алыс сапарларға шығудан бас тартуды ескерткенбіз. Алайда, көбісі өздігінше шешім қабылдап, жолға шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. ТЖД қызметкерлері қала сыртындағы жолдардағы кезекшілікті жалғастырады», - деді Досанов.

Еске салсақ, ауа райының нашарлауына байланысты облыста ТЖД жедел штабтары іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар