Қостанайда бала туу көрсеткіші төмендеген

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда соңғы бес жылда бала туу көрсеткіші күрт төмендеп кеткен. Бұл туралы облыстық ауруханада өткен жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Екатерина Слабоденюк мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство ақпараты бойынша, Қостанай облысы бала туу көрсеткіші төмен өңірлердің қатарына енеді. Мәселен, 2015 жылы 12 729 нәресте дүниеге келсе, 2016 жылы - 12535, 2017 жылы 11 733 сәби туған.

«Ананың перинаталдық кезеңдегі жағдайы туу көрсеткішінің төмен болуының себебі болып отыр. Ал сәби өлімінің үлесі биыл 12,3 пайызды құрады. Былтыр 0-5 жас аралығындағы 144 бала көз жұмды. Оның ішінде өмірден өткен 124 баланың жасы 1-ге толмаған. Бала өлімінің көрсеткіші Арқалық қаласы, Таран және Әулиекөл аудандарында жоғары. Осылайша, өткен жылы облыс тұрғындарының саны 6,7 пайызға кеміген», - деді Екатерина Слабоденюк.

Жалпы, өңірде 877 мың адам тұрады. Қалаларда - 471 мың, ал ауылдарда 406,3 мың адам тіркелген. Мамандардың айтуынша, бала туу көрсеткішінің азаюы ерлі-зайыптылардың ажырасуына тікелей байланысты. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, Меңдіқара ауданында әрбір екінші неке бұзылған. Бұған қоса Алтынсарин, Федоров, Қостанай аудандарында да ажырасу фактілері жиілеген.

Соңғы жаңалықтар