Қостанайда автокранның мас жүргізушісі автобус аялдамасын қиратты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында автокран жүргізушісі бағанды құлатып, автобус аялдамасын соққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Медициналық тексеріс кезінде анықталғандай, жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ол ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Көлік құралын мас күйінде жүргізу» бабы бойынша айыпталды», - деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.

Апат кезінде автобус аялдамасында адамдар болмаған, автокран жүргізушісі де жарақат алған жоқ.

Соңғы жаңалықтар