Қостанайда архивті құжаттар сандық жүйеге көшірілуде

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында ерекше құнды құжаттарды цифрлық форматқа ауыстыру белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық архивтер және құжаттар басқармасының басшысы Байбосын Мурзиннің айтуынша, қазіргі кезде құнды жәдігерлерді сақтау сапасын арттыру өзекті болып отыр.

"Ұлттық құндылықтар қазынасы, сандық технологиялар жетістіктерін қолдануда қарқынды жұмыс жасауымыз керек. Соның бірі - құжаттарды сандық жүйеге көшіру", - деді ол.

Тарихи жәдігерлердің қайнар көзі - мұрағатта жалпы саны бір милионнан астам мемлекеттік маңызы бар құжат сақталған. Облыстық архив саласында барлығы 235 қызметкер жұмыс істейді, оның 109-ы - жоғарғы білімді, білікті мамандар.

Басқарма басшысы мәліметіне сүйенсек, жыл сайын мемлекеттік мекемелерден мұрағатқа 20 мыңнан астам құжаттар келіп түседі. Олар кейін арнайы тексерістен өткізіліп, құжаттар қоймасына тапсырылады.

Қолжетімділікті арттыру мақсатында сандық жүйеге көшу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Алғашқы кезекте ерекше құнды құжаттар сканерден өткізілуде. Бүгінде мемлекет сақтауында тұрған 5500 фотосурет пен 125 мың қағаз құжат цифрлық форматқа көшірілді.

Соңғы жаңалықтар