Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Қостанайда АӨК-ны дамыту картасы таныстырылды

Қостанайда АӨК-ны дамыту картасы таныстырылды
2017 жылғы 10 қараша 20:32 429

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Қостанай облысының аймақтарымен бейнеконференция өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайрат Айтуғанов қостанайлықтарды әзірленіп жатқан Агроөнеркәсіптік  кешенді (АӨК) дамыту картасымен таныстырды.

«Бүгінде бізде 13 карта бар. Бірінші карта ауылшаруашылық кооперативтерін қамтиды. Ол бір жылдан артық жұмыс істеп келеді. Айта кетерлігі, ол мемлекеттік бағдарлама ретінде мақұлданды, қазірде жақсы жүзеге асырылуда», - деді Айтуғанов.  

Олардың арасындағы Агроөңдеу картасын Үкімет қабылдады. Ал қалған карталар бүгін таныстырылды.

«Олар - техникалық қайта жарақтандыру, тұқым және агрохимия карталары. Егістік көлемін ұлғайту, жайылымдық мал шаруашылығы, агроғылымды жаңғырту, сиыр етін өндіру Карталары әлі әзірлену сатысында»,  - деді ол.

Жиында ауылшаруашылық кооперативтері туралы сөз етілді. 1 қазанға дейінгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 745 кооператив құрылған. Оның 273-і сүт дайындау және 358-і ет өндіру кооперативі. 56 мың жеке қосалқы шаруашылық қамтылған.

«Өз-өзін еңбекпен қамтығандар және жұмыссыздар өз күштерімен 6 мыңға жуық мал бордақылау алаңдарын құрды. Бүгінгі күні 64 сүтөндіру зауытына 44 тонна сүт дайындалды, зауыттардың жүктемесі 25 пайызға артты.  Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бұл мәселеде Қостанай облысы көш ілгері», - деп атап өтті Айтуғанов.

Айтуғановтың сөзінше, республикалық Картамен қатар, әр өңір өздерінің даму карталарын жасауы керек.

 

 

Басты сөздер: Ауыл шаруашылығы, Аймақ, Қостанай облысы, Ауылдық аумақтарды дамыту, ҚР АШМ,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер