Қостанайда «Алтын дауыс» атты халықаралық вокал конкурсы ашылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда, «Алтын микрофон» атты жоғары деңгейдегі халықаралық жастар вокалды конкурсы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқауға бірнеше елден 53 үміткер келді. Олардың арасындағы ең үздіктерін Болгария, Литва, Қазақстан мен Ресей сияқты елдерден келген интернационал әділқазылар алқасының мүшелері анықтайды.

Қостанай облысы мәдениет басқармасының бас маманы Азиза Мұстафинаның айтуынша, 14 жылдан бері ұймыдастырылып келе жатқан байқау биылғы жылы тек балаларға ғана арналып қоймай, жастар мәртебесіне де ие болды.

«Енді байқауға қатысушылардың жастары да ұлғайтылды. Конкурсқа 9-дан 21-ге дейінгі өрендер қатыса алады»,-деді Мұстафина.

«Алтын микрофонның» жеңімпазы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов тағайындаған гран-при сыйлығына ие болады.

Басты сыйлықтың құны 300 мың теңгені құрайды. Конкурс 3-күнге жалғасады және 27 сәуір күні гала-концерпен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар