Қостанайда агротехнологиялық хаб құрылмақ

None
None
 ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында агротехнологиякалық хаб құрылмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қостанай облысы ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша пилоттық өңір ретінде белгіленді. Бұл туралы тұрғындармен кездесу жиынында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлім етті.

«Бүгінде аймақта жаңа форматтағы ауылшаруашылық саласындағы мамандарды дайындайтын агротехнологиякалық хаб құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Хаб мемлекеттік құрылымдар, ғалымдар мен аграрлық қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықтың алаңы болмақ. Кейінірек бұл тәжірибе республикалық даңгейда қолданылатын болады», -деді Айгүл Шайымова.

Облыста егістіктердің электронды карталарын және «ақылды су бүрку», «ақылды минералдандыру» жүйелерін енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ, мал шаруашылығы саласына да жаңашылдықтар пайдаланылмақ. Мәселен, жайылымдағы малдың орналасқан жерін қадағалау, алқаптардың тозуын мониторингілеу, шөп сапасын бағалау, сүт өңдеу құрылғыларын бақылау - енді осылардың барлығы арнайы аппараттардың, дрондардың көмегімен жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар