Қостанайда 6 жасар қызға азғындық жасаған зейнеткер ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудныйда 6 жасар қызға азғындық жасады деген күдікпен 65 жастағы зейнеткер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«8 желтоқсан күні сағат 14:00 шамасында полиция 65 жастағы зейнеткерді қамауға алды. Ол ҚР ҚК 124-бабы, 1-бөлігі бойынша айыпталуда», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне.

Еске салсақ, 7-желтоқсан күні Рудный қалалық ІІБ кезекші бөліміне 41 жастағы әйел қоңырау шалып, қызына белгісіз ер адамның азғындық жасағанын айтқан .

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар