Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -8 °С
Алматы: 5 °С
USD 318.99 EUR 393.70
RUB 5.62 CNY 50.28
Жаңалықтар

Қостанайда 500 жұмыс орнын қамтитын жаңа орталық ашылды

2017 жылғы 17 қыркүйек 18:13 1012
Бөлісіңіз:
Қостанайда 500 жұмыс орнын қамтитын жаңа орталық ашылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлықтар асыға күтіп жүрген «Kostanay Plaza» ойын-сауық орталығы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашылу салтанатына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, Қостанай қаласы әкімі Базыл Жақыпов пен «БК-Строй» компаниясының басшысы Игор Ким қатысып, лентасын қиды.

«Қала тұрғындары мен қонақтарына жақсы жағдай жасау біздің басты міндетіміз. Бүгін тағы бір қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Бұл - облыс орталығындағы ерекше ғимараттардың бірі. Құрылыс жұмыстарына жергілікті құрылыс материалдары қолданылды. Инвестиция көлемі 4 млрд теңгені құрап отыр және 500 жұмыс орны ашылды», -деп атап өтті Архимед Мұхамбетов.

«Kostanay Plaza» - бұл облыстағы ең ірі ойын-сауық нысаны. Көлемі - 18424 шаршы метр. Ғимарат Қостанайдың солтүстік-батысындағы «Алтын Арман» шағын ауданында орналасқан. «Kostanay Plaza» маңындағы автортұраққа бір мезетте 600 көлік аялдай алады.

Бұл ғимарат заманауи талаптарға жауап бере алады. Гипермаркет, Фуд-корт (тамақтану аймағы), фэшн-индустрия тауарлары дүкені, тұрмыстық техникалар сатылатын орын, балаларға арналған "Funky town" саябағы жұмыс істейді. Ал кинотеатр 730 адамға арналған.


Қостанайда 500 жұмыс орнын қамтитын жаңа орталық ашылдыОйын-сауық орталығының ашылуына орай қаладағы №38 автобустың қозғалыс бағыты да өзгерді. Енді тұрғындар «Алтын Арман» сауда үйіне қиындықсыз қатынай алады.   


Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат