Қостанайда 3 адам ыстан уланды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында 3 адам ыстан уланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Уланғандардың біреуі - 5 айлық нәресте. Оқиға бүгін 07:00 шамасында болған.

«ТЖД кезекші бөліміне Қостанайдағы «Мичуринец» саяжайында 3 адамның тұншықтырғыш газға уланғаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала болжам бойынша, тұрғындар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған. Салдарынан, 32 жастағы әйел, 12 жастағы бала мен 5 айлық нәресте ауруханаға жеткізілді», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Тұрғындарға орташа дәрежедегі ыстан улану диагнозы қойылды.

Соңғы жаңалықтар