Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 6 °С
Алматы: 5 °С
USD 326.17 EUR 401.25
RUB 5.31 CNY 51.84
Жаңалықтар

Қостанайда 21 мың адам қант диабетімен ауырады

2017 жылғы 15 қараша 15:48 1031
Бөлісіңіз:
Қостанайда 21 мың адам қант диабетімен ауырады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгінде Қостанай облысында 21 мыңнан артық адам қант диабетімен ауырады. Бұл туралы қаладағы №4 емханада өткен жиында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлердің дерегіне сәйкес, әлемде 422 млн, Қазақстанда 308 мың адам қант диабетіне шалдыққан.

«Қант диабеті ауруы барлық зат алмасу үдерістерінің бұзылуына әкеледі, қан тамырларын, жүйке жүйесін, басқа да жүйелер мен ағза мүшелерін зақымдайды. Инсулинге тәуелді диабет көбіне балалар мен жастарда кездеседі. Екінші түрін инсулинге тәуелсіз диабет деп атауға болады. Бұл 40 жастан асқандарда және артық салмағы бар адамдарда болады», - дейді эндокринолог Гүлнәр Молдахметова.

Ақ халаттылардың айтуынша, тұрғындардың көбі осы сырқаттың қаншалықты қауіпті екенін білмейді. Қанның құрамындағы қанттың жоғары мөлшері барлық жүрек қан тамырлары, инсульт, инфаркт ауруларының пайда болуына әкеледі. Тіпті, бұл дерттің алғашқы белгілерін анықтаудың өзі қиын.

«Эпидемияға айналған  аурудың алдын алу үшін емдеу мекемелерінде  көптеген іс - шаралар жүргізіледі. 2011 жылдан бері скринигтік тексерістер  іске асырылуда. Емханалардың жанынан ашылған денсаулық мектептерінде дәріс сабақтары өткізіліп жүр.  Дегенмен, қостанайлықтар аты аталған ауру жайында ақпарат алуға асығыс емес. Ұдайы өтетін семинарларға қатысу белсендігі төмен», - дейді дәрігерлер.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат