Қостанайда 2 жылға сотталған әскери қызметкер жазадан босатылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Әскери сотының алқасы ҚР Ұлттық гвардиясының 6697 әскери бөлімшесі командирінің орынбасары, майор Есболат Төлегеновке қатысты үкімді қайта қарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Белгілі болғандай, 2017 жылдың тамыз айында майор Төлегенов автомобиль взводының жүргізушісі, сержант Николай Карпенкоға сымы оқшауланбаған әуе электр желісінің астындағы шатырға жөндеу жұмыстарын жүргізуге бұйрық берген. Осылайша, Карпенконы тоқ соғып, ес-түсінен айырылған. Дене жарақаттарын алған ол қалалық ауруханаға жеткізілген. Әскери қызметкерге «Электр жарақаты. Клиникалық өлімнен кейінгі күйде (кома), бетін, сол жақ білегін, арқасы мен табан буындарын электр күйігі шалған» деген диагноз қойылды.

2017 жылғы 15 қарашада Қостанай гарнизонының әскери соты Есболат Төлегеновті қызметіне салғырт қарағаны үшін екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Алайда, сотталушы өз кінәсін мойындамай, сержантқа мұндай бұйрық бергенін жоққа шығарды. Аппеляциялық шағым түсіріп, сот үкімін қайта қарауды талап еткен. Бұған қоса сержант Николай Карпенко командир орынбасарының бұйрық бермегенін растаған.

Нәтижесінде, ҚР Әскери сотының алқасы қылмыстық істі қайта қарап, сотталушының әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына орай ақтау үкімін шығарды.

Соңғы жаңалықтар