Қостанайда 2 ай бұрын жоғалған жігітке іздеу салынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық тәртіп сақшылары 15 қыркүйек күні үйінен шығып кеткен ер адамға іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай қаласы ІІБ Оңтүстік бөлімінің мәліметінше, Латыпов Шамиль Раисович  1988 жылы 2 маусымда туған.  Бойы - 185-190 см, арық денелі. Оны еріктілер мен туған-туыстары іздеп жатыр.

Үйінен шығып кеткен күні үстіне көкшіл спорттық костюм, ақ түсті кроссовка киген.

ІІД жоғалып кеткен жігіт туралы ақпараттарды білетіндерге 8-702-492-99-92 ,8-702-153-02-01, 52-68-61 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар