Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -19 °С
Алматы: -7 °С
USD 335.05 EUR 395.12
RUB 5.66 CNY 50.64
Жаңалықтар

Қостанайда 19 тәртіп сақшысы парамен ұсталды

2017 жылғы 13 қазан 00:41 659
Поделиться:
Қостанайда 19 тәртіп сақшысы парамен ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында өз лауазымын асыра пайдаланып, пара алу мәселелері жол көлік оқиғаларында жиі кездеседі. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысы Ерлан Салықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының  бірі - жемқорлықпен күрес. Осы тақырып бойынша өткен бүгінгі жиынға  мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар мен ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

«Біздің департамент мамандары әр тоқсан сайын халық арасында мониторинг жүргізеді. Қолда бар деректерге сүйенсек, бүгіндері ішкі істер бөлімі қызметкерлері арасында жемқорлық фактілері көп кездеседі», - деді Ерлан Салықбаев.

Жиында айтылғандай, жыл басынан бері пара алған 19 тәртіп сақшысы жауапқа тартылған. Оның 15-нің ісі  сотта қаралып, 8-і бас бостандығынан айырылды.

Дегенмен, жергілікті тұрғындар арасында жүргізілген мониторинг өңірдегі жемқорлық фактісінің өткен жылмен салыстырғанда 36 пайызға азайғанын көрсетіп отыр. Қоғам дертінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған осындай шаралар оң нәтиже беруі тиіс дейді департамент басшысы.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Батыр Жолайұлы

Пікір қалдыру
Мұрағат