Қостанайда 15 жасар оқушыны автобус қағып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда 15 жасар қызды автобус қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық балалар ауруханасының кезекші бөліміндегілер растады. Оқиға бүгін Гашек көшесінің бойында болған. ХҚКО аялдамасы маңындағы жаяу жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан 15 жасар қызды автобус қаққан.

Қазір ол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.  

Соңғы жаңалықтар