Қостанайда 10 шақты пәтер тонаған әккі ұры ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері бірнеше пәтерді тонады деген күдікпен 40 жастағы ер адамды қолға түсірді. Бұл туралы Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті кезекті ұрлығынан соң қолға түсті. Тергеу шаралары дәлелдегендей, ол бұған дейін 10 шақты пәтерді тонаған. Ол алғашқы жымысқы әрекетін былтыр маусым айында жүзеге асырған.

«Күдіктінің осы уақытқа дейін келтірген шығын көлемі - 600 мың теңге. Ол соңғы рет Жуковский көшесіндегі жеке үйге еніп, 100 мың теңгені қолды қылған. Әккі ұры үйлерге пластик терезені бүлдіру арқылы кіріп отырған. Пәтерлерден асыл бұйымдар, тұрмыстық техникаларды да алып кеткен. Қазір «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Соңғы жаңалықтар