Қостанай университеті жанынан төрт жатақхана салынбақ

None
None
ҚОСТАНАЙ ҚазАқпарат - Биыл Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті 344 орындық 4 жатақхана салуды бастайды. Бұл туралы ҚМПУ ректоры, профессор Еркін Әбіл өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы 4 жылдың ішінде біз 344 орынды 4 жатақханада салуды жоспарлап отырмыз. Соның алғашқысы 86 орындық үш қабатты баспана алдағы күзге қарай пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда ғимараттардың орны белгіленген, жобалық-сметалық құжаттары әзірлену үстінде.  Жатақханалар оқу орны маңынан салынады. Әкімдіктің келісімін алдық. Нәтижесінде, үш қабатты төрт жатақхана кампус-қалашыққа айналады», - деді Е.Әбіл.

Ректордың сөзінше, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жатақхананың санитарлық және құрылыс талаптарына сай келуін қамтамасыз етіп отырады. Мәселен, көптеген шет елдердегі жатақханаларда бір студентке 3-4 шаршы метр аумақ бөлінеді.

Сондай-ақ, ақылы бөлімде оқитын студенттер үшін оқу бағасында өзгеріс болмайды. Ал университет ғимарат үстіндегі маңдайша жазуының қазақ тіліндегі нұсқасын латын әліпбиімен жасауды ұйғарып отыр. Сонымен қатар, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне академик Өмірзақ Сұлтанғазин есімін беру туралы мәселе ел ішінде жиі көтеріліп жүр.

«Бұл ұсыныс осыдан бір жарым жыл бұрын айтылды. Бастамашыл топ тиісті органға хат жазды. Енді университет мәртебесін алып отырған соң, осы мәселені әрі қарай тағы көтеретін боламыз. Біздің таңдауымыз академик Өмірзақ Сұлтанғазинге түсіп отыр», - деді Еркін Әбіл.

Айта кетейік, бүгін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты университет мәртебесіне ие болды.

Соңғы жаңалықтар