Қостанай түрмесіне есірткіні тоқашқа салып өткізбек болған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының тұрғыны тоқаш ішіне героин жасырып, түрмеге «сәлемдеме» жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

«34 жастағы облыс тұрғыны 47 жастағы жазасын өтеушіге «сәлемдеме» жіберді. Өткізілгелі тұрған азық-түліктерді тексеру барысында мекеме мамандары тоқаш ішінен сарғыш түсті 4 түйіншекті тапты. Сот-химиялық сараптама нәтижесінде олардың есірткі заты - героин екені анықталды», - делінген таратылған хабарламада.

Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мекеме қызметкерлерінен қулығын асырмақ болған тұрғын жазасын өтеушіге 0,64 грамм героин өткізбек болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. 

Соңғы жаңалықтар