Қостанай түрмесіне есірткі қосылған бал жіберілген

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жазасын өтеушіге есірткі затын өткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, есірткі сотталушыға әкелінген сәлемдемені тексеру кезінде шыққан.

«Жазасын өтеушіге келген пластмасса ыдыста бал мен грек жаңғағы болған. Тексеру барысында, бал арасынан полиэтилен түйіншек табылды. Оның ішінде ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат жасырылған. Сараптама нәтижесінен соң, түйіншекке 33 грамм гашиш салынғаны анықталды», - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар