Қостанай тұрғыны үш адамды айуандықпен өлтірген

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық сотында үш адамды өлтірген айыпталушыға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы 14 қаңтарда полиция қызметкерлері 26 жастағы Қостанай тұрғыны Сергей Поляничконы ұстады. Ол екі жас жігітті өлтіріп, мүшелеп тастағаны үшін айыпталған.

Тәртіп сақшылары былтыр 27 жастағы Александр Самсоновтың мүрдесін тапқан. Күдікті бұл қылмысын мойындап,  2013 жылы Данил Кленко есімді жігітті де айуандықпен өлтіргенін айтты. Екеуінің мүрделерін көшедегі дәретханаларға көмген.

Күдікті сараптама нәтижелері бойынша әрекетке қабілетсіз деп танылды. Алайда жәбірленуші тарап сараптама нәтижелерімен келіспей, шағым түсірді.

Сот отырысында Сергей Поляничконың 2015 жылы тағы бір ер адамды өлтіргені белгілі болды. Алайда оның сүйегі табылмай, қылмыстық іс қозғалған жоқ.

«ҚР ҚК 16-бабына сәйкес Поляничко қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылып, психиатриялық стационарда қарқынды бақылауға алынсын», - деген үкімді оқыды судья Абай Раисов.

Сот залында Сергей Поляничко кісі өлтіру арқылы рахат табатынын айтты. Негізінен, Қостанай облыстық психиатриялық ауруханасының дәрігерлері оған нақты диагноз қоя алмай, Талғар мамандандырылған психиатриялық ауруханасына жіберген. Психиатрлардың шешімімен ол  әрекетке қабілетсіз деп танылды.

Соңғы жаңалықтар