Қостанай тұрғыны қызын өлтірді деп айыпталуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысы қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған сотына ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімі бойынша 1968 жылы туған азамат В-ға қатысты қылмыстық іс түсті.

Соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қарасу ауданы Комсомольский кентінде айыпталушы түскі ас уақытында ішімдік ішіп алып, ұйықтап қалады. Осы уақытта құрбыларымен 26 жастағы қызы келеді. Олар арақ ішіп, дауыстары қатты шығып, әңгімелесіп отырған. Шудан үй иесі оянып кетіп, қызына ескерту жасайды. Осыдан кейін қызы екеуінің арасында ұрыс-керіс басталып кетеді. Дауыс көтеру, бір-бірін балағаттаудың арты төбелеске ұласады.

Қызының ауыр сөздерін көтере алмаған ер адам асханадан пышақ алып, бойжеткеннің кеуде тұсына сұғады, ол оқиға орнында көз жұмады.

Соңғы жаңалықтар