Қостанай тұрғыны көпқабатты үйдің терезесінен телевизор лақтырып жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының тұрғыны көпқабатты үйдің терезесінен телевизор лақтырып жіберді. Бұл туралы alau.kz сайтында хабарланды. Телевизор «ВАЗ-2113» көлігінің үстіне құлаған.

Машина иесінің айтуынша, теледидарды терезеден ер адам лақтырып жіберген. Ол әйелімен бірге екінші қабатта тұрады.

«Олар ылғи ішімдік ішіп, жанжалдасады. Кеше күндіз осы оқиғадан кейін полицияны шақырдық. Олар есіктерін ашпады. Тәртіп сақшылары кетіп қалды. Кешке жарықтың қосылып тұрғанын көріп, үйлеріне бардым. Пәтер иесі телевизорды лақтырғанын мойындамады. Бірақ оқиғаның куәсі болғандар терезеден соны көргендерін айтуда», - деді автокөлік иесі.

Абырой болғанда, ауыр зат жерге құлаған сәтте жақын маңда адамдар болған жоқ.

 

 

Соңғы жаңалықтар