Қостанай тұрғыны ауылдасын өлтіріп, үйін өртеп жіберген

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының тұрғыны 52 жастағы әйелді үйінде өртеп жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше оқиға 7-сәуірде Қарасу ауданында болған.

«Жедел-із кесу шаралары барысында анықталғандай, 28 жастағы ер адам 52 жастағы әйелдің үйіне келіп, оны ұрып-соққан. Соның салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Бұдан соң күдікті әйелдің үйін өртеп жіберген», - деп хабарлады ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 99-бабымен («Кісі өлтіру») сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Күдікті ұсталды.

Соңғы жаңалықтар