Қостанай тұрғыны 4-қабаттан құлап кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында 29 жастағы әйел ғимараттың 4-қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты Қостанай қалалық ауруханасының жарақаттану бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов растады.

«Қалалық ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен 1989 жылғы әйел түсті. Ол ғимараттың 4-қабатынан құлап кеткен. Науқастың жағдайы ауыр, миына зақым келген. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр», - деді Марал Әбілқасымов.

Облыстық ІІД аталған факті бойынша мәліметті таяу уақытта беретіндігін айтты.

Соңғы жаңалықтар