Қостанай тұрғыны 3 өзбекстандықты үй салуға мәжбүрлеген

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы көші-қон қызметі басқармасының мамандары шетел азаматтарының еңбегін заңсыз пайдаланған қостанайлықты ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мобильді топтың жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс аумағында 14 шетел азаматының заңсыз жұмыс істеп келгені анықталды.

 «19-21 ақпан аралығында жүргізілген «Мигрант» шарасы аясында Өзбекстан азаматтарының еңбегін заңсыз пайдаланған Қостанай тұрғыны ұсталды. Аталған шетел азаматтарының барлығы - 20-30 жас аралығында. Қостанайлық шетелдіктерге өзінің үйін салдырған. Енді оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

 Полицейлердің айтуынша, «Мигрант» шарасы аясында 78 түрлі заңбұзушылық тіркелді. Сондай-ақ, заңсыз жұмыс істеп келген 14 шетел азаматы елден қуылды.

Соңғы жаңалықтар