Қостанай тұрғыны 13 жастағы қызын пышақтап тастады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық әйел мас күйінде туған қызына пышақ сұғып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға Қостанай қаласында 7 қаңтар күні сағат 16:30-дар шамасында болған.

«32 жастағы әйел мас күйінде 13 жасар қызына пышақ салған. Ауыр дене жарақаттарын алған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді»,- деп хабарлады ведовствоның баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша, ҚР ҚК 106 бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Ал облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Игорь Белобржицкий баланың асқазаны мен өкпесіне қатты зақым келгенін айтқан болатын. Қазір баланың жағдай ауыр. Ол арнайы құрылғының көмегімен демалып жатыр.

Соңғы жаңалықтар