Қостанай тұрғындарына 5 күндік су қорын жинап алу ескертілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында алдағы 5 күн бойы құбырларда суды гиперхлорлау әдісі жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қостанай-Су» компаниясының сайтына сілтеме жасап.

Қазан айының 23 күні сағат 03.00-ден бастап 27 қазанға дейін орталық су құбырларында  гиперхлорлау әдісі жүргізіледі. Компания мамандарының айтуынша, биыл 17 500 метр құбырда тіршілік нәрі тазаланады.

Сол себепті «Қостанай-Су» компаниясы қала тұрғындарына алдағы 5 күнге су қорын жинауды сұрайды. Сондай-ақ, ауыз суды пайдаланар алдында қайнатуға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар