Қостанай: Оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс жабық түрде жүргізіледі

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыстық ІІД Қостанай қаласында өлтірілген 9 сынып оқушысына қатысты қылмыстық іс бойынша ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствода мәлім етілгендей, оқушының жеке өміріне қатысты мәліметтерін тарату және бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеп соқтырады.

«18 наурыз күні өлтірілген 15 жасар қала тұрғынына қатысты іс бойынша ҚР ҚК 99-бабымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес, оқиғаның мән жайы анықталуда. Облыстық ІІД істі өз бақылауына алды. Жасы кәмелетке толмағандардың ісі жөнінде қылмыстық іс жүргізуінің өзіндік ерекшеліктері болады. Сол себепті кәмелетке толмаған қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс жабық түрде жүргізіледі», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Сондай-ақ, тергеу нәтижелері туралы ақпарат кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбай, рұқсат етілген көлемде жеткізілетін болады.

Еске салсақ, қазіргі уақытта Қостанайда өлтіріп кеткен қыздың әкесі ауруханада жатыр.  Облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Моисеевтің сөзінше, қыздың әкесі 17 наурыз күні ауыр дене жарақаттарымен түсті.

 

Соңғы жаңалықтар