Қостанай облысының үздік 10 спортшысы анықталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыстық дене шынықтыру және туризм басқармасы өткен жылды қорытындылап, үздік спортшыларға құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жыл қостанайлық спортшылар үшін жаман жыл болған жоқ. Бірқатар халықаралық, республикалық жарыстарда жерлестеріміз қоржынға жүлдені уыстап салды. Жыл бойы көзге түскен жүйріктер жыл айрығында лайықты марапатқа ие болды.

 2017 жылдың  үздік он спортшысының көшін конькимен сырғанаудан еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері Денис Кузин бастады. Одан кейінгі орында шорт-трекші, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Анастасия Крестова тұр. Велосипедші Даниил Марухин мен шаңғышы Виталий Первухин үшін де үстіміздегі жыл олжаға толы болды. Грек-рим күресінен Тамерлан Шадуакевтың аты озды. Өкінішке қарай, бұлардың бесеуі де Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиадаға дайындалып жатқандықтан салтанатты рәсімге келе алған жоқ. 

null 

 Айтпақшы, биыл алғаш рет он үздік спортшының тізіміне тоғызқұмалақтан ел чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қымбат Нөсерова енді.

 «Бұл мен үшін үлкен қуанышты жағдай. Облыстың ең үздік он спортшысының бірі атансам, кейбір жетістіктерім сеп болған шығар», - деді Нөсерова журналистермен сұхбатында.

Арбадағы биден Әлем чемпионатының қола жүлдегері Малика Мұқтарова  бұл жолы қос бірдей марапатқа ие болды. Оған халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің куәлігі салтанатты түрде  тапсырылды.

null 

 Ұлттық ат спорты мен қазақ күресінен де бірталай нәтижелі жарыстар мәреге жетті. Жалпы, биылғы жылы облыс аумағында 243 біріншілік пен Кубок жарысы, сондай-ақ, түрлі спорт бойынша 30 шақты ел чемпионаттары ұйымдастырылыпты.

 «Иә, жыл жарысқа толы болды. Алдағы жылы да көптеген спорт бәсекелері күтіп тұр. Облыста көптеген спорт кешендері ашылды. Алдағы уақытта  Қостанайда 50 метрлік жүзу бассейіні пайдалануға беріледі. 2500  орынға лайықталған оның құрылысы 2018 жылы басталады», - деді облыстық дене шынықтыру және туризм басқармасының басшысы Евгений Вильямс.

null 

Соңғы жаңалықтар