Қостанай облысының тұрғындары коммуналдық қызметке 350 млн теңге берешек

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы тұрғындарының коммуналдық қызметтерге қарызы 354 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовке сілтеме жасап.

«13 қарашадағы жағдай бойынша облыс бойынша тұрғындардың коммуналдық қызметтерге қарызы 354 млн теңгеге жетті. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, қарыз деңгейі 125 млн теңгеге артық», - деді Ғ.Нұрмұхамедов..

Жылу-энергетикалық компаниялардың газды пайдалану және оны төлеуіне келсек мұнда да қарыздар жиналып қалған. Бүгінгі таңда жылу-энергетикалық кәсіпорындары пайдаланған газ үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ алдындағы қарызы 139 млн теңгеге жеткен. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қарыз мәселесін жаңа жылға дейін шешуді тапсырды.

«Жаңа жылға дейін коммуналдық кәсіпорындар алдындағы тұрғындар қарызы толықтай жабылуы керек. Сол себепті барлық аудан әкімдері қарыздарды өтеу бойынша жұмыс істеуі керек», - деп түйді аймақ басшысы. 

Соңғы жаңалықтар