Қостанай облысының бюджеті бекітілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық мәслихатының сегізінші сессиясында депутаттар өңірдің 2018 жылға арналған бюджетін қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спанов мәлімдеуінше, өңірдің 2018 жылғы бюджеті - 206 млрд теңге.

«Мұның 109 млрд теңгесі республикалық бюджеттен бөлінеді.Тағы 60 млрд теңге өзіндік кірістен қарастырылады. Алдағы жылы қомақты қаражат жол жөндеу жұмыстарына жұмсалады. Оның ішінде 3,9 млрд теңге облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге кетсе, 8,8 млрд тенге аудандық жолдар мен көшелерді ретке келтіруге бөлінеді», - деді басқарма басшысы.

Келесі жылы Қостанай қаласы, Амангелді, Қарасу, Қарабалық аудандарындағы мектептер күрделі жөндеуден өтеді. Бұған республика қазынасынан 500 млн теңге көзделген. Тұтастай алғанда, 2017 жылғы облыстық бюджеттің кіріс бөлігі 1 млрд 795 млн теңгеге төмендеді. Бұл қаражат қалдық ретінде 2018 жылғы бюджетке көшіріліп, әр түрлі қажеттіліктерге жұмсалмақ.

«Атап айтқанда, 704 млн теңге Арқалық жылу-энергетикалық компаниясына мазут сатып алу үшін, 383 млн теңге Юбилейный ықшамауданына электр желілерін жеткізуге, тағы 100 млн теңге Ұзынкөл ауданындағы мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге беріледі», - деді Спанов.

Соңғы жаңалықтар