Қостанай облысының бірнеше ауылына газ тартылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -  Бүгін Денисов ауданына қарасты Алчанов және Антонов ауылдары мен Қарабалық ауданының Тоғызақ елді мекеніне табиғи газ қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

50 мыңға жуық тұрғыны бар Денисов және Қарабалық аудандарындағы 200-ге жуық үй мен мекемеге жаңа газ құбыры тартылды. Оның ұзындығы - 6,5 мың метр. Аталған нысандар мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылып отыр. 
null 

Газ құбырын іске қосуға арналған салтанатты рәсімге Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының орынбасары Мұқан Садуақасов қатысты.
null 

«Бұл бастама инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде қолға алынды. Міне, бүгін көптен күткен игі іске де қол жетті. Тәуелсіздік күніне тарту деп қабылдаңыздар. Жалпы, газ тарату желілерін салуға облыстық бюджеттен 169,3 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұл қазіргідей ауыр кезеңде жасаған аса маңызды қадам. Осындай мүмкіндіктер үшін «ҚазТрансГаз» компаниясына алғысымыз шексіз», - деді облыс әкімі.
null  

Мұқан Садуақасовтың айтуынша, екі жыл ішінде облыс бойынша 8 газ тарату пункті ашылған.  Осылайша, табиғи газды пайдалану көрсеткіші өңірде 10 пайызға көтерілді.
null 

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы Мемлекет басшысының өндірістік процестерді тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасы аясында, газ құбырларының қалыпты жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және Қостанай облысы әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды.  Меморандумға сәйкес, облыс әкімдігі жер телімдерін бөліп, газдандыру нысандарын салуға мүмкіндік беретін тиісті рұқсатнамалық құжаттарды әзірледі. 

Соңғы жаңалықтар