Қостанай облысының әкімі жаңа үйлердегі пәтерлердің кілттерін табыс етті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай ауданы Заречное ауылындағы «Солтүстік» шағынауданындағы екі жаңа үйдегі пәтерлердің кілттерін табыс етті, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.   

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2015-2019 жылдарға арналған Заречное ауылындағы «Солтүстік» шағынауданында 48 пәтерлі екі тұрғын үй құрылысына қаражат бөлінген болатын.    

«Бүгін біз 20 жаңа қоныстанушыға пәтерлердің кілттерін табыстап отырмыз, сондай-ақ жақын арада тағы 76 отбасы жаңа үйге қоныстанады.    Мемлекет басшысының тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тапсырмасын біз уақытында орындауға тырысамыз. Бүгінгі күні Қостанай ауданының көптеген тұрғындарында жинаған қаражаты бар, олар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтер алуға мүмкіндіктері бар. Бұл  үйлерде мемлекеттік қызметшілер, әлеуметтік сала жұмыскерлері мен өзге да азаматтар тұратын болады», - деді  пәтер кілтін тапсыру рәсімінде облыс әкімі.     

Осы шағынаудандағы тұрғын үй құрылысы жалғасатынын атап өткен жөн. Тағы көпқабатты 9 үйдің құрылысы жоспарлануда.  

2  

Соңғы жаңалықтар