Қостанай облысының әкімі жаңа орынбасарын таныстырды

None
None
  ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін аппарат мәжілісінде Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қостанай облысының әкімінің орынбасары болып Ерлан Махмұтұлы Спанов тағайындалды.

Ол бұған дейін экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған еді.

«Ерлан Спанов экономика және қаржы мәселелері бойынша жұмыстарға жетекшілік етеді. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуларды бір жүйеге келтіруді тапсырамын. Ал облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюкке тұрғын үй құрылысы, коммуналдық шаруашылық саласын бақылауға алады», - деді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар