Қостанай облысындағы ауылда тұратын 4 жасар қыз монолог оқиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жазира Мұстафина - облыстық және республикалық мәнерлеп оқу байқауларының ең жас жеңімпазы. Ол мұндай байқауға алғаш рет 4 жасында қатысты. 20 қараша. Жазира Тәуелсіздік Күніне Қазақстан Президентіне арналған монолог оқыды. 

Монолог - бір жарым мың сөзден тұрады! Бүлдіршін оны қиналмай жаттады, мәнерін келтіріп айтып, үшінші орынды иеленді.

Соңғы бірнеше айда ол мектеп, аудан мақтанышына айналды. «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталық өткізген байқауда жүлде алды. Облыс бойынша - бірінші болды. Ауыл мектебінде кішкентай қызға жоғары сынып оқушылары да ілесе алмайды. Ол әзірге шағын орталыққа барып жүр. Оның тәрбиешісі Айман Иржанова Жазираның әртістік қабілеті бар, ән айтып, би билейтінін айтты. «Өлең оқуды бастап едік, оның есте сақтау қабілеті де керемет екен. Тез жаттайды»,-деді ұстаз.

Соңғы жаңалықтар