Қостанай облысында жүк көліктерінің соқтығысуынан жүргізушінің аяғын жұлып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай облысы Федоров ауданындағы тасжолда екі КамАЗ соғысып, бір жүргізуші аяғынан айырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жан түршігерлік апат Федоров ауылынан төрт шақырым жерде орын алды, деп нақтылады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінен. Полицейлер ҚР ҚК 345-бабы (Адамның денсаулығына ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

«Алдын ала дерек бойынша, «КамАЗ-65115» көлігіндегі 23 жастағы жүргізуші 37 жастағы азаматтың басқаруындағы «КамАЗ-5320» жүк көлігімен соқтығысқан, - деп хабарлады баспасөз қызметінен. - Алған жарақаты салдарынан екінші көліктегі жүргізушінің  оң аяғына ампутация жасалып, ол Федоров орталық аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды. Оның 1982 және 1984 жылғы екі жолаушысы түрлі жарақаттар алды».

Полицейлер оқиға сызбасын құрды, медициналық куәландыру жүргізілді. Екі жүргізуші де мас болмаған.

 

Соңғы жаңалықтар