Қостанай облысында жазасын өтеуші түрме қызметкерін соққыға жықты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалық қалалық сотында қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қызметкерін қасақана ұрған сотталушыға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық сотта хабарлағандай, сотталушы ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеуде.

«Ол серуенге шығу уақыты кезінде өз еркімен УК 161/12 мекемесіндегі киім сақтайтын орынға кіріп кеткен. Сотталушы осы әрекеті үшін түрмедегі аға бақылаушыдан ескерту алды. Алайда, мекеме тәртбімен келіспеген сотталушы өз міндетін атқарған аға бақылаушыны басынан соқты», -делінген облыстық соттың хабарламасында.

 Сотталушы бұл әрекеті үшін айыпты деп танылып, ҚР ҚК 429-бабы, 2-тармағы бойынша 6 жыл бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ҚР ҚК 60-бабы, 1,4 тармақтарында көрсетілген ережелерге сәйкес,  жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы Атырау қаласы № 2 сотының үкімімен оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар