Қостанай облысында «Toyota Land Cruiser» трактормен соқтығысты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Қостанай-Әулиекөл» тас жолында «Tойота» көлігі қарсы келе жатқан трактормен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 19 қараша күні сағат 20:00 шамасында болды. Мұны куәгерлер WhatsApp желісі арқылы таратты.

«67 жастағы Қарасу ауданының тұрғыны «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөлікпен келе жатып, «МТЗ-80» тракторымен соқтығысты. Трактор рөлінде 49 жастағы әулиекөлдік азамат отырған. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  

Соңғы жаңалықтар