Қостанай облысында сот аумағында спиртті ішімдік ішкен ер адам қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жітіқара ауданының 30 жастағы тұрғыны сот аумағында спиртті ішімдік ішіп қойғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі. 

Іс материалдарына сәйкес, 8 қыркүйек күні кешкі сағат бестер шамасында азамат Д., мас күйде бола отырып, Жітіқара аудандық сотының аумағында қоғамдық орында спиртті ішімдік ішкен. Бұған дейін оған бір жыл ішінде екі рет қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін әкімшілік айыппұл салынған.

Істі қараған сот Д.-ны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы, 4-бөлігіне сәйкес, осы құқықбұзушылығы үшін екі тәулікке қамау туралы қаулы қабылдаған. Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар