Қостанай облысында коммуналдық кәсіпорын кассирі 4 млн. теңгеге жуық қаражатты иемденген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында коммуналдық кәсіпорын кассирі 4 млн. теңгеге жуық қаражатты иемденіп алуда айыпталып отыр, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Қостанай аудандық сотына ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) айыпталып отырған 42 жастағы азаматша Ф-ға қатысты қылмыстық іс түсті.

Айыпталушы «Қостанай ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не қарасты  «Затобол жылу-энергия компаниясы»  КМК-да кассир болып жұмыс істеген.

Іс материалдары бойынша, «Қостанай ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не қарасты  «Затобол жылу-энергия компаниясы»  КМК-да кассир болып жұмыс істеген Ф. өз лауазымын пайдаланып 2016 жылдың ақпанында 921 000 теңгені иемденген. Бұл қаражатты ол өз отбасына қажетті заттарға және жұбайына дәрі-дәрмек алуға жұмсаған.

Сәуірде тағы да 950 000 теңге қымқырған кассир ол ақшаны үйді заңдастыруға кеткен шығынды және құрлыс салдарынан қордаланған қарыздарын өтеуге жұмсаған.

Кейін, маусым айында Ф. кассадан тағы да 940 000 теңге алып отбасы мүшелерін емдетуге, тамызда 970 000 теңге иемденіп оны балаларының білім алуына шығындаған.     

Азаматша Ф-ның заңсыз әрекеті салдарынан коммуналдық кәсіпорынға 3 млн. 781 мың теңге материалдық залал келген.

Іс бойынша басты сот отырысы 30 қаңтарда сағат 10.00-де болады.  

Соңғы жаңалықтар