Қостанай облысында көлік жүргізушісі бойжеткенді әдейі қағып кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Затобольск кентінде 33 жастағы «Газель» автокөлігі 25 жастағы бойжеткенді қасақана қағып кеткен. Полицияның хабарлауынша, осының салдарынан бойжеткен әр түрлі дәрежеде дене жарақатын алған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқиға 16 шілде күні сағат түнгі 01:30 шамасында тіркелген. Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметі аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды.

«33 жастағы жүргізуші «Газель» автокөлігін жүргізіп келе жатып, 25 жастағы бойжеткенді қасақана қағып кеткен. Осының салдарынан зардап шегуші дене жарақатын алған. Аталған жағдай бойынша ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлайды Қостанай облысының ІІД-нен.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары басталып, сараптама жұмыстары қолға алынған. 
Аян Бекенұлы

Соңғы жаңалықтар