Қостанай облысында келіншек ер адамды балтамен ұрып өлтірді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Қарасу ауданы тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарасу кентінде 35 жастағы келіншек ішімдікке мас күйде үйінің ауласында 39 жастағы ер адамды балтамен ұрған. Ер адам ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмған. Кейін жедел шара барысына полиция күдіктіні ұстады» - делінген хабарламада.

ІІД мәліметіне сәйкес, қазір осы оқиға бойынша «адам өлтіру» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Автор: Жанна Мұсабаева

Соңғы жаңалықтар