Қостанай облысында фермерлер 1,3 млрд теңгені игермеген

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спановтың баяндамасы тыңдалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлан Спановтың айтуынша, ауыл  шаруашылығы басқармасы майлы дақылдарды субсидиялау үшін бөлінген 1 млрд 582 млн теңге қаражатты пайдаланбаған.

«Шаруалар майлы дақылдар бағасының төмендеуі салдарынан оны зауыттарға өткізбей отыр. Сол себепті мемлекеттен субсидия берілмейді. Бұл игерілмеген қаржы келесі жылғы бюджетке қалдық есебінде көшіріледі», - деп түсіндірді Спанов.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дархан Әбдікәрімовтің сөзінше, майлы дақылдар бағасының төмендеуі Ресей нарығымен тікелей байланысты.

«Биыл көрші ел майлы дақылдардың рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді. Сондықтан зығырдың бағасы тоннасына  95 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейін,  күнбағыс 90 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейін төмендеді. Біздің зауыттар арзан тауарларды қабылдауды жөн көреді, ал жергілікті тауар өндірушілер мұндай бағаға өткізгісі келмейді», - дейді басқарма басшысы.

Дархан Әбдікәрімовтің  айтуына қарағанда, субсидияға бөлінген 1 млрд 585 млн тенгенің бар-жоғы 265 млн теңгесі игерілді. 

Соңғы жаңалықтар